24 желтоқсан 2015 | 00:29

Түркия Су-24 ұшағының қайда және қашан ұшатынын нақты білген - РФ Қорғаныс министрлігі

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Anadolu © Anadolu

Түркия билігінің РФ әуе-ғарыш күштерінің Сирияда қанша рет ұшқаны жайлы мәлімдемесін ресейлік Су-24 бомбалаушысын жою бойынша операцияның жоспарлы болғанын "ресми түрде мойындау" деп есептеуге болады. Бұл туралы РФ Қорғаныс министрлігінің ресми өкілі Игорь Конашенков мәлімдеді. Сәйкес мәлімдеме Ресейдің қорғаныс ведомствосының сайтында жария болды.


Иконка комментария блок соц сети

Түркия билігінің РФ әуе-ғарыш күштерінің Сирияда қанша рет ұшқаны жайлы мәлімдемесін ресейлік Су-24 бомбалаушысын жою бойынша операцияның жоспарлы болғанын "ресми түрде мойындау" деп есептеуге болады. Бұл туралы РФ Қорғаныс министрлігінің ресми өкілі Игорь Конашенков мәлімдеді. Сәйкес мәлімдеме Ресейдің қорғаныс ведомствосының сайтында жария болды.

Конашенков Түркия билігінің ресми өкілі Нуман Куртулмуштың осыған дейін ресейлік авиацияның Сирияда қанша рет ұшқаны туралы нақты мәліметтерді келтіргенін еске салды. Оның айтуынша, бұл РФ ӘҒК-ның қол қойылған Меморандумның аясында америкалық тарапқа жіберетін барлық мәліметтерді АҚШ әскери әуе күштерінің қолбасшылығының кепілді түрде түрік Бас штабына жеткізіп отырғанын растайды.

"Осылайша, 24 қарашада, түріктің жойғыш ұшағы зымыранмен біздің Су-24 бомбалаушымызға сатқындықпен шабуыл жасағанда түркиялық Бас штаб ресейлік екі бомбалаушының қашан және қай аймақта әскери тапсырманы орындайтынын жап-жақсы білген", - деп мәлімдеді РФ Қорғаныс министрлігінің ресми өкілі.

Конешников Куртулмуштың жасаған мәлімдемесінің "Түркияның сириялық әуеде ресейлік ұшақты жою және ресейлік әскерилерді өлтіру бойынша алдын ала жоспарланған операция екенін мойындауы деп есептеуге болады".

РФ Қорғаныс министрлігінің өкілі БАҚ-тарда "Ресей Сирияда бейбіт нысандарды бомбалап жатыр" деген хабарламаларды жоққа шығарды. "Жалған хабардың барлығы ресейлік ӘҒК-ны сириялық ауруханалар мен қонақүйлерді бомбалап жатыр деп айыптауға бағытталды. Біз бұл қауесеттерді лезде жоққа шығардық, жұртшылыққа фото және видеодәлелдерді келтірдік. Осындай айыптаулардың нақтылы бір дәлелі жоқ, ал сілтемелер нақты біреуге берілмейді", - деді Конашенков.

Еске салайық, осыған дейін Түркия сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглу Ресейді Сирияға жасаған әуе шабуылы кезінде 600 бейбіт тұрғынды өлтірді деп айыптаған болатын. "Біз бұл әуе соққыларын қатаң түрде айыптаймыз. Ресей авиациясының әуе соққылары салдарынан Сирияда шамамен 600 бейбіт тұрғын қаза тапты. Кейбір ұйымдардың мәліметінше, қаза тапқандардың саны 800-ге жеткен. Қаза тапқандардың ішінде 150 бала бар екенін әлем білгенін қалаймыз", - деді Түркия министрі, дегенмен ол ешқандай дәлел келтіре алмады.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети