31 қаңтар 2016 | 09:33

Түркия тағы да Ресейді өз әуе кеңістігін бұзды деп айыптады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресей Қорғаныс министрлігінің сайтыннан алынған сурет Ресей Қорғаныс министрлігінің сайтыннан алынған сурет

Түркия сыртқы істер министрі түрік тарапының ресейлік Су-34 ұшағының әуе кеңістігін бұзды деп мәлімдеуіне байланысты Ресей елшісін шақырып алды, - деп хабарлайды Газета.ru газеті Associated Press агенттігіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Түркия сыртқы істер министрі түрік тарапының ресейлік Су-34 ұшағының әуе кеңістігін бұзды деп мәлімдеуіне байланысты Ресей елшісін шақырып алды, - деп хабарлайды Газета.ru газеті Associated Press агенттігіне сілтеме жасап.

Түркияның Ресейді әуе кеңістікті бұзбауға шақырғаны, сонымен қатар "қаламаған салдарының" жауапкершілігі ресейлік тарапқа артылатынын мәлімдегені айтылады. Сонымен қатар, Түркия СІМ бұл оқиғаның Ресейдің екі ел арасындағы шиеленісті күшейткісі келетінін көрсетіп отыр деп мәлімдеді.  

Ал Ресейдік Қорғаныс министрлігінің ресми өкілі генерал-майор Игорь Конашенков ресейлік әуе тобының Сирияда Түрік әуе кеңістігін бұзбағанын мәлімдеді. "(...) Түрік тарапының ресейлік әуе тобы Түркияның әуе кеңістігін бұзды делінген мәлімдемесі дәлелсіз насихат", - деді ол. Ресейлік әскери ведомствоның өкілі түрік әуе шабуылына қарсы қорғанысы мамандарының әуе кеңістігін бақылайтын радиолокациялық станциялардың (радарлар) әуедегі нысанның биіктігін, бағытын және жылдамдығын ғана тіркей алатынын біледі деп сенетінін атап өтті. 

Еске салайық, Ресей мен Түркияның қарым-қатынасы сириялық-түрік шекарасында ресейлік Су-24 бомбалаушы ұшағын атып түсіру оқиғасынан кейін бұзыла бастады. Оқиға 24 қарашада болды. БАҚ мәліметінше, ұшақ түріктің F-16 жойғышының "әуе-әуе" түріндегі зымыраны арқылы атып түсірілген және Сирияда, Түркияның шекарасына 4 шақырым жерге құлаған. Ұшқыштардың бірі тірі қалды. РФ Әуе күштері Бас штабы шабуылға ұшыраған Су-24 бомбалаушысының Түркияның әуе кеңістігін бұзбағанын мәлімдеді және бұл мәліметтің сириялық әуе қорғанысының мәліметтерімен расталатынын алға тартты. Ал Түркия ұшақтың шекараны бұзғанын айтып отыр.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети