Түркияда Twitter микроблогы, WhatsApp мессенджері, Facebook және Instagram әлеуметтік желілері мен YouTube видеохостингі жабылды, - деп жазады РИА Новости. Бұл туралы Ғаламтордағы қадағалауды тексеруші Turkey Blocks бақылау тобының мамандары хабарлады.

Бұл жағдай қарашаның 3-нен 4-не қараған түні күрдтерді қолдайтын ең ірі оппозициялық партияның он шақты көшбасшысының тұтқындалуынан кейін белгілі болды. Ресейлік басылымның Түркиядағы тілшілерінің ақпараты бойынша, агенттік өкілдігінде де аталған сайттар жұмыс істеп тұрған жоқ.
Елде әлеуметтік желілер бұрындары да құлыпқа түсірілген. 2014 жылы YouTube хостингіне Сирияға басып кіру мүмкіндігі айтылған СІМ отырысының видеожазбасы жарияланғаннан кейін бірнеше сағат өте виедохостинг телекоммуникация департаменті шешімімен бұғатталған болатын. Өз кезегінде елдің сыртқы істер министрі Ахмет Давутоглу жасырын камерамен түсірілген видеоның қолдан жасалған жерлері барын айтқан. Сонымен қоса, Twitter микроблогтар қызметі де жабылған. Ол кезде Тайип Ердоған Facebook, Twitter және YouTube сияқты қызметтерді қорғаудың қажеті жоқ, өйткені онда "әр түрлі жалған ақпарат таралады" деген болатын.