Түркияда босқындарды қабылдауға қарсы жұрт бүлік шығарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркияда босқындарды қабылдауға қарсы жұрт бүлік шығарды

Түркия астанасында босқындарды қабылдауға қарсы халық бүлік шығырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters-ке сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркия астанасында босқындарды қабылдауға қарсы халық бүлік шығырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters-ке сілтеме жасап.

Сириялықтардың елге қоныс аударуына наразы Түркия тұрғындары мигранттарға тиесілі дүкендерге, көліктерге және басқа да мүлікке шабуыл жасай бастады.

Анкарада сириялық босқын төбелес кезінде екі түрікті өлтіргеннен кейін шиеленіс күшейе түсті. Бұның соңы түріктердің Анкарадағы мигранттар тұратын аймаққа жаппай шабуылдарын күшейтті.

©REUTERS

Әлеуметтік желілердегі фотосуреттер мен видеолардан полицейлер қоршауын бұзып, көліктерді сындырып, өртеп, дүкендердің терезелері мен үйлердің терезелеріне тас лақтырған адамдардың айқайлағанын көруге болады.

Reuters агенттігі мәліметінше, тәртіп сақшылары аспанға оқ атқан. 76 бүлікші ұсталды. Анкара полициясының мәліметінше, ұсталғандардың 38-інің қарақшылық, зорлық-зомбылық және пәтер тонауға қатысты қылмыстары болған.

©REUTERS

Билік жергілікті тұрғындарды тыныштандыру үшін аймаққа арнайы жасақты жіберді, ал кейбір сириялықтар елді мекеннен эвакуацияланды. Бірнеше сағаттық қақтығыстан кейін тәртіп сақшылары қоғамдық тәртіпті қалпына келтірді.

Түркия шамамен 3,7 миллион сириялық босқындарды қабылдайды. Ал соңғы толқулар Ауғанстандағы қақтығыстар кезінде Ираннан Түркияға келетін ауған босқындарының санының өсуінен қорққандықтан болған.

Бұған дейін Еуропалық Одақ Түркияға 2024 жылға дейін сириялық босқындарды қабылдауды жалғастыру үшін 3,5 миллиард еуро беруді қарастырып жатқандығы туралы хабарланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети