02 ақпан 2015 19:39

Түркияда дауылдың салдарынан бес адам қаза болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Fotolia/ marqs ©Fotolia/ marqs

Түркияда болған дауылдың салдарынан бес адам қаза тапты, - деп хабарлайды РИА Новости Anadolu со агенттігіне сілтеме жасап. 


Түркияда болған дауылдың салдарынан бес адам қаза тапты, - деп хабарлайды РИА Новости Anadolu со агенттігіне сілтеме жасап. 

Агенттіктің мәліметінше, Бурса ауданында 3 адам қаза тауып, тағы 110-нан астам адам зардап шекті. Сонымен қатар, 300 үйдің шатыры құлап, 100-ден аса көлікке зақым келген. Ал Балықесір ауданында екі адамды өз үйлерінің шатыры басып қалған, екеуі де қайтыс болды. 

Қолайсыз ауа райына байланысты Turkish Airlines әуекомпаниясы 65 ішкі және 59 халықаралық рейсінің кейінге қалғаны туралы хабарлады. Сонымен қатар Стамбұлдың еуропалық және азиялық бөлігінің арасында паромдар қатынасы да үзілді. 

"Бурса мен Ялова аудандарында қатты желдің салдарынан электр өшірілді, көптеген елді мекенде электр желілері үзіліп қалды", - делінген таратылған хабарламада. 

Айта кетейік, дүйсенбіге қараған түні Анкарада желдің жылдамдығы күрт артты. Түркия астанасында зардап шеккендер туралы әзірше ақпарат жоқ.  

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети