Түркияда демалушылар еден жуғышпен "акулаға" тойтарыс берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр

Түркияда демалушылар еден жуғыштың көмегімен акулаға тойтарыс бере алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Daily Express сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркияда демалушылар еден жуғыштың көмегімен акулаға тойтарыс бере алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Daily Express сайтына сілтеме жасап.

Оқиға Түркияның оңтүстік-батысындағы Мармарис курортының жағасында болған. Желіде акуланың жағажайға жүзіп, суда демалып жатқан адамдарға жақындағаны түсірілген видео тарады. Туристердің бірі еден жуғышты алып, теңіз тұрғынын басынан бірнеше рет ұрып қуa бастады.

Кадрларда акулаға ұқсас балықтың қанаты мен құйрығы көрінеді. Алайда Мармарис билігі бұл акула емес деп мәлімдеді.

"Демалушылар қоғамдық жағажайдан көріп, акула деп қателескен балық Жерорта теңізінің балығы екен. Мамандардың айтуынша, бұл зиянсыз жануар. Сондықтан теңізге шомылғанда өзіңізбен бірге еден жуғышты алудың қажеті жоқ", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Жерорта теңізі - акулалардың 47 түрі мекендейтін орын. Олардың жиырмаға жуығы үлкен мөлшерге жетеді, ал 15-і теориялық тұрғыдан адамға зиян тигізуі мүмкін.

Бұған дейін Мысырда да осындай оқиға болған, бірақ соңы қайғылы жағдайға ұласты.  Мысырдың Қызыл теңіз жағалауындағы бірнеше жағажай өткен аптада акулалардың шабуылынан екі турист қаза тапқаннан кейін жабылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети