Түркияның Хаккари провинциясы Шемдинли ауданындағы жандармерия күзет орны маңындағы миналанған көлікте болған жарылыстан кем дегенде 17 адам қаза тапты, - деп хабарлайды РИА Новости провинция губернаторы Гюнет Орхан Топрактың хабарламасына сілтеме жасап.

Осыған дейін Түркия қарулы күштерінің бас штабындағылар сегіз адамның қаза тауып, тағы бес әскеридің зардап шеккенін хабарлаған болатын. Сондай-ақ, Түркияда тыйым салынған Күрдістан жұмыс партиясындағылар осы жарылысты ұйымдастырды деген күдіктің болғаны айтылды.
"Шемдинлиде болған жарылыстың салдарынан 17 адам қаза тапты, олардың тоғызы - әскерилер. Олардан басқа тағы 27 адам зардап шекті", - деп мәлімдеді Топрак телеарнаға берген сұхбатында.