Түркияда жер сілкінісі болды: зардап шеккендер бар

Түркияда жер сілкінісі болды: зардап шеккендер бар Фото: © REUTERS

Түркияның шығысында магнитудасы 5,7 болатын жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Түркияның шығысында магнитудасы 5,7 болатын жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Еуропалық Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының (EMSC) мәліметіне сәйкес, жер сілкінісі 14.24 UTC (20.24 - Нұр-Сұлтан уақыты бойынша) тіркелген. Зілзала ошағы Бингель қаласынан 55 шақырым жерде орналасқан.

РИА Новости хабарына қарағанда, жер сілкінісі салдарынан бірнеше ауылдағы үй қираған, 1 адам қаза тапқан. Түркияның төтенше жағдаймен күрес басқармасы оқиға орнына 550 шатыр жіберген.

Жарнама
Жарнама

"Жер сілкінісі салдарынан салдарынан 18 адам зардап шекті. Олардың арасында жағдайы ауыр адамдар жоқ", - деді республиканың вице-президенті Фуат Октай.

Оның айтуынша, зілзаладан кейін магнитудасы төмен 46 жер сілкінісі болған. Табиғи апаттан келген шығынның мөлшері есептеліп жатыр.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама