Түркия жер сілкінісі салдарынан қанша ақша жоғалтуы мүмкін екені есептелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Түркия кәсіпкерлік және бизнес конфедерациясы (Turkonfed) есебіне сілтеме жасап.
Түркия жер сілкінісі салдарынан қанша ақша жоғалтуы мүмкін екені есептелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Түркия кәсіпкерлік және бизнес конфедерациясы (Turkonfed) есебіне сілтеме жасап.
Turkonfed болжамы бойынша, жер сілкінісі тұрғын үйлерге шамамен 70,8 миллиард доллар көлемінде шығын әкелген, бюджет кірістерінің төмендеуіне байланысты тағы 10,4 миллиард доллар шығын есептелген.
Сонымен қатар, ұйым жұмыс күшінің жоғалуы Түркия экономикасына 2,9 миллиард доллар шығын әкеледі деп мәлімдеді. Түркияның инфрақұрылымына, соның ішінде жолдар мен электр желілеріне, ауруханалар мен мектептерге келтірілген залал елдің бюджет тапшылығының биылғы ЖІӨ-нің 5,4 пайызынан асып кетуіне әкелуі мүмкін, бұл ресми болжам - 3,5 пайыз.
Turkonfed есептеулері 1999 жылы Ыстамбұл маңында болған және 18 мыңға жуық адамның өмірін қиған жер сілкінісінің нәтижелеріне негізделген. Кейінгі жер сілкіністерінің шығыны 1999 жылғы жер сілкінісінен әлдеқайда асып түсті және ондаған мың адам хабар-ошарсыз кетті.
Бұл ретте жер сілкінісінің салдарын қорытындылау әлі ерте болғандықтан, кез келген есептеулерді түпкілікті деп санауға болмайтыны атап өтіледі.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!