26 қаңтар 2020 | 10:18

Түркияда жер сілкінісі салдарынан қаза тапқан адамдар саны 31-ге жетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

Түркияның шығысында жер сілкінісі салдарынан қаза тапқан адамдар саны 31-ге жетті, - деп хабарлайды Anadolu агенттігі құтқару қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Түркияның шығысында жер сілкінісі салдарынан қаза тапқан адамдар саны 31-ге жетті, - деп хабарлайды Anadolu агенттігі құтқару қызметіне сілтеме жасап.

Осыған дейін, 29 адамның қаза тапқаны және 1466 адамның жарақат алғаны айтылды. 44 адам үйінділер астынан шығарылды. Жұмағада 6,8 балдық жер сілкінісінің ошағы Елазығ провинциясындағы Сивридже қаласында болды. Кейінірек 4 балдық 228 автершок тіркелді. 

Жер асты дүмпулері Шығыс Түрік провинцияларындың Адана, Хатай, Османия, Тунджели, Газиантеп, Шанлыурфа, Малатья, Мардин, Самсун, Токат, Чорум және Кайсери қалаларында, сондай-ақ Сирияның солтүстігінде сезілді.

Түркияның ішкі істер министрі Сулейман Сойлу құтқарушылар үйінділерді қарап жатқанын хабарлады, олардың астынан тағы 30 адам табылуы мүмкін.


© Reuters

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети