Түркияда жер сілкінісінен қаза тапқандар саны артып жатыр

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркияда жер сілкінісінен қаза тапқандар саны артып жатыр Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Түркияның оңтүстік-шығысындағы жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 43 500-ден асты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Hurriyet басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркияның оңтүстік-шығысындағы жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 43 500-ден асты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Hurriyet басылымына сілтеме жасап.

Түркия Ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу Түркиядағы жер сілкінісінен қаза тапқандардың саны қазіргі уақытта 43 556-ға жеткенін айтты.

Түркия ІІМ басшысы мұндай қайғыдан тек "бірлік пен ынтымақта" аман өтуге болатынын атап өтті. Сойлу оның туыстарының арасында да осы жер сілкінісі салдарынан қаза болғандар бар екенін айтты.

Еске салайық, 6 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығысында бірқатар жер сілкінісі болып, Сирияның бірнеше провинциясы да зардап шекті. Ең жойқын жер сілкінісінің магнитудасы 7-ден жоғары болды. Табиғи апаттар салдарынан Түркияда көптеген ғимарат қирады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети