Түркияның оңтүстік-шығысындағы Ширнак провинициясында Сougar AS 532 әскери тікұшағы құлады, - деп хабарлайды РИА Новости.
Түркияның оңтүстік-шығысындағы Ширнак провинициясында Сougar AS 532 әскери тікұшағы құлады, - деп хабарлайды РИА Новости.
"Ширнак провинциясындағы Улудере ауданында ұшып шыққанына үш минут болған әскери тікұшақ электр жеткізу желілеріне соғылып, құлады. Оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр", - делінген Ширнак провинциясының әкімшілігі таратқан хабарламада.
Жергілікті БАҚ-тардың мәліметінше, тікұшақ бортында 13 әскери қызметші болған, оның ішінде генерал, екі полковник және орта бөлімнің төрт офицері болған. Барлығы қаза тапты. Оқиға орнына Түркияның қорғаныс министрі Фикри Ышык барды.