Түркияда жойқын жер сілкінісі болды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркияда жойқын жер сілкінісі болды Фото:depositphotos.com

Түркияның Мугла провинциясында 5,8 балдық жер сілкінісі болды. Зардап шеккендер бар, бір адам қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркияның Мугла провинциясында 5,8 балдық жер сілкінісі болды. Зардап шеккендер бар, бір адам қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Түркияның ішкі істер министрі Али Ерликаяның айтуынша, жер асты дүмпуі көрші провинцияларда да сезілген. Жергілікті уақыт бойынша сағат 02:17-де тіркелген жер асты дүмпуінің эпицентрі Мармарадан 10,43 шақырым жерде, 67,91 шақырым тереңдікте орналасқан.

Ол жер сілкінісі кезінде 14 жастағы қыз қайтыс болғанын айтты.

Бастапқы мәліметтерге сәйкес қала бойынша тұрғын үйлер қирамаған. Алайда жергілікті тұрғындар қорқып, терезелерден секіре бастаған. Бұл туралы Мугла губернаторы Ыдырыс Акбыйык мәлімдеді.

Ішкі істер министрінің айтуынша, 69 адам жарақат алған.

"Мугла провинциясында және оның аудандарында дүрбелең мен биіктен секіру салдарынан 69 адам жарақат алды. Олардың 14-і оқиға орнында қажет көмекті алды, 8 адам амбулаториялық тексерістен өтіп, үйлеріне жіберілді. 46 азамат жедел жәрдем бөлімшелерінде емделіп жатыр", - деп толықтырды Ерликая.

Айта кетейік, Мугла - Түркияның оңтүстік-батыс жағалауындағы провинция.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети