Түркияда жойқын жер сілкінісі болды: Қаза тапқандар бар

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркияда жойқын жер сілкінісі болды: Қаза тапқандар бар © РИА Новости / Алексей Куденко

Түркияның оңтүстік батысында кем дегенде сегіз жерасты дүмпуі тіркелді. Еуропалық жерорта теңізі сейсмологиялық орталық (EMSC) өкілдерінің мәліметінше, жер сілкінісінің магнитудасы 6,7 баллға жеткен, - деп хабарлайды РИА Новости.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркияның оңтүстік батысында кем дегенде сегіз жерасты дүмпуі тіркелді. Еуропалық жерорта теңізі сейсмологиялық орталық (EMSC) өкілдерінің мәліметінше, жер сілкінісінің магнитудасы 6,7 баллға жеткен, - деп хабарлайды РИА Новости.

Қайталанған жер сілкінісінің ең жоғарғы магнитудасы 5,1 баллға жетті. Оқиға жұмаға қараған түні болды, АҚШ Геологиялық орталығының мәліметінше, жерасты дүмпулерінің эпицентрі Эгей теңізі түбінде Түркияның оңтүстік батысында орналасқан Бодрум курорттық қаласынан 10,3 шақырым жерде, ал грекиялық Кос аралынан 16,2 шақырым жерде болған. Бодрум қаласының 70-тен аса тұрғыны медициналық көмекке жүгінген. 

Сонымен қатар, оқиға салдарынан Кос аралында екі адам қаза тапты бірнешесі жараланды. Арал билігі жер сілкінісі салдарынан ғимараттардың қирап қалғанын хабарлады. 

Қазіргі уақытта Түркия мен Грекияда болған жойқын жер сілкінісі салдарынан зардап шеккен қазақстандықтар туралы мәлімет жоқ. 

"Осы сағатқа дейін жер сілкінісі салдарынан зардап шеккен Қазақстан азаматтары тіркелген жоқ", - деді СІМ баспасөз қызметінің өкілі Әнуар Жайнақов. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети