Түркияда көмір шахтасында жарылыс болып, 25 адам қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркияда көмір шахтасында жарылыс болып, 25 адам қаза тапты РИА Новости

Түркияның солтүстігіндегі Бартин провинциясында көмір шахтасында жарылыс болды. Алдын ала болжам бойынша, 25 адам қаза болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркияның солтүстігіндегі Бартин провинциясында көмір шахтасында жарылыс болды. Алдын ала болжам бойынша, 25 адам қаза болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жарылыс 300 метр тереңдікте болған. Ол кезде 115 жұмысшы жер астында қалып қойған.

"Минус 300 белгісінде сағат 18.15 шамасында көмір өндіретін мекеменің карьерінде болған апат салдарынан біздің кеншілердің 36-сы апат аймағынан шығарылды. 25 жұмысшымыз қаза тауып, 6 кеншіміз Ыстамбұлға емделуге жіберілді. 5 жұмысшы біздің провинцияда емделеді. Қаза тапқан кеншілерімізді Құдайдың рақымына алсын, жараланған бауырларымыз тезірек сауығып кетсін", - делінген провинция губернаторы Бартин Нұртадж Арсланның мәлімдемесінде.

Фото: ©A Haber

Түркияның денсаулық сақтау министрі Фахреттин Коджа жараланған 11 адамның төртеуі жансақтау бөлімінде жатқанын атап өтті.

Жергілікті биліктің мәліметінше, 45-тен астам адам жер астында қалып қойған. Аймаққа әртүрлі провинциялардан іздеу-құтқару топтары жіберілді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети