Түркияда өлімші қыздың мешіттің маңында жасаған жарылысы видеоға түсіп қалған 28 сәуір 2016, 09:00

Жарылыс Бурса қаласындағы Улу Джами тарихи мешітінің маңындағы саябақта болған. Билік өкілдерінің мәліметінше, жарылысты лаңкес әйел жасаған, - деп хабарлайды Hurriyet.
Жарылыс Астана уақыты бойынша 19.25-те Улу Джами тарихи мешітінің маңында болған. Жасы шамамен 25-тегі лаңкес қыз жарылыстан жалғыз өзі қаза тапты. Ал жеті адам жарақат алған.
Төтенше оқиға орнына жедел жәрдем қызметкерлері келіп, полицейлер қоршауға алды.
© hurriyet.com.tr