Түркияның денсаулық сақтау министрі Фахреттин Коджа Twitter-де елде омикрон штамын жұқтырғандар саны артқанын жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Gazeta-ға сілтеме жасай отырып.
Денсаулық сақтау министрлігі басшысының айтуынша, осы айда ауырғандар саны желтоқсанмен салыстырғанда төрт есеге артқан.
"Алайда індеттің алғашқы толқынымен салыстырғанда ауруханаға жатқызылғандар аз. Сақ болу керек", - деп жазды ол.
Былтыр жыл аяғында Коджа омикрон штамының таралуына байланысты республикада бір тәулік ішінде COVID-19 жұқтырғандар саны артқанын айтқан еді.
Түркия билігі әзірше елге кіруді шектеген жоқ. Туристер коронавирусқа байланысты шектеулерге қарамастан елге кіре алады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!