14 қаңтар 2022 09:28

Түркияда омикрон жұқтырғандар саны артты

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркияның денсаулық сақтау министрі Фахреттин Коджа Twitter-де елде омикрон штамын жұқтырғандар саны артқанын жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Gazeta-ға сілтеме жасай отырып.


Түркияның денсаулық сақтау министрі Фахреттин Коджа Twitter-де елде омикрон штамын жұқтырғандар саны артқанын жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Gazeta-ға сілтеме жасай отырып.

Денсаулық сақтау министрлігі басшысының айтуынша, осы айда ауырғандар саны желтоқсанмен салыстырғанда төрт есеге артқан.

"Алайда індеттің алғашқы толқынымен салыстырғанда ауруханаға жатқызылғандар аз. Сақ болу керек", - деп жазды ол.

Былтыр жыл аяғында Коджа омикрон штамының таралуына байланысты республикада бір тәулік ішінде COVID-19 жұқтырғандар саны артқанын айтқан еді.

Түркия билігі әзірше елге кіруді шектеген жоқ. Туристер коронавирусқа байланысты шектеулерге қарамастан елге кіре алады.
 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети