Түркияда отбасынан айырылған тұрғын: "Үй шайқалып, сосын бәрі қирады, біз төменге құладық"

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркияда отбасынан айырылған тұрғын: "Үй шайқалып, сосын бәрі қирады, біз төменге құладық" © Euronews

Жер сілкінісі кезінде отбасынан айырылған Хатай провинциясындағы Антакья қаласының тұрғыны Касым Гюндуз Euronews арнасына қайғылы жағдай туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жер сілкінісі кезінде отбасынан айырылған Хатай провинциясындағы Антакья қаласының тұрғыны Касым Гюндуз Euronews арнасына қайғылы жағдай туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бір-бірімізді құшақтап алдық. Алланың атын айтып үлгермедік, бес рет үй шайқалып, сосын бәрі қирады, біз төменге құладық. Баламның аты Хикмет еді. Оны шақырғанымда, ол жауап берді. Оған сабырлы бол дедім. Әйелімнің аты Шефика болатын. Оны да шақырдым: раушаным, раушаным менің! Сосын: Шефика! дедім. Бірақ жауап болмады, ештеңе естімедім. Алла бұндайды ешкімнің басына салмасын. Үйленгенімізге 52 жыл болды, кенже ұлымыз 42-де", - деді ер адам.

Ұлының денесі табылған. Олар Қасымның әйелі Шефиканы әлі іздеп жатыр, сондықтан ол қираған үй маңынан кетпей күтіп жүр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети