Түркияда ел президенті Тайип Ердоғанды балағаттады деген айыппен қамауға алынған барлық азамат босатылды, - деп хабарлайды РИА Новости Түркия президентінің адвокаты Хюсейн Айдынға сілтеме жасап.
Түркияда ел президенті Тайип Ердоғанды балағаттады деген айыппен қамауға алынған барлық азамат босатылды, - деп хабарлайды РИА Новости Түркия президентінің адвокаты Хюсейн Айдынға сілтеме жасап.
"Біз 29 шілдеде болған оқиғаға байланысты шара қолдандық. Менің білуімше, президентті балағаттап, түрмеде жазасын өтеген азаматтардың барлығы босатылды", - деді Хюсейн Айдын.
Сонымен қатар, ол Ердоғанды балағаттап, қамауға алынған және ұсталған он адамның босатылғаны жайлы айтты. Хюсейн Айдынның айтуынша, Түркия президентінің адвокаттары президентті балағаттау ісіне қатысты 4 мыңға жуық істі қайтарып алған, олардың ішінде оппозициялық партиялардың көшбасшылары - Кемаль Кылычдароглының Ұлттық-республикалық партиясы мен Девлет Бахчелидің Ұлттық қозғалыс партиясы бар.