Түркияның Фетхие саяжайында ресейлік кәсіпкерге тиесілі суперяхта өртеніп кетті, - деп хабарлайды The Daily Mail.
Түркияның Фетхие саяжайында ресейлік кәсіпкерге тиесілі суперяхта өртеніп кетті, - деп хабарлайды The Daily Mail.
27 метрлік Queen Annа кемесі 21 қаңтар күні күндіз өртенді. Өрт кемені дереу жайлағандықтан, яхта қауіпсіз жерге көшірілді. Дегенмен қасындағы кемелерге аздаған зақым келген. Сонымен қатар, су көлігінің капитаны жарақат алып, ауруханаға жатқызылды. Өрттің шығу себебі әзірше белгісіз.
Princess 95 класты Queen Anna кемесі шамамен 6 миллион доллар тұрады. Ол 2009 жылы әйнек пластиктен жасалған. Оған сегіз VIP-жолаушы сияды. Оның иесі кім екені белгісіз, дегенмен ресейлік кәсіпкер екені анықталды.