Түркияда ресейлік ұшақ құлады: аман қалғандар жоқ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркияда ресейлік ұшақ құлады: аман қалғандар жоқ © РИА Новости

Түркияда ресейлік Бе-200 өрт ұшағы апатынан аман қалғандар жоқ. Бұл туралы Ресейдің Қорғаныс министрлігі хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркияда ресейлік Бе-200 өрт ұшағы апатынан аман қалғандар жоқ. Бұл туралы Ресейдің Қорғаныс министрлігі хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Ұшақ бортында бес ресейлік әскери қызметші мен экипажға өрт сөндіру ошақтарын көрсеткен түркиялық мамандар болған. Олар - Түркияның Орман шаруашылығы министрлігінің үш өкілі.

Ресей Федерациясының әскери ведомствосының мәліметінше, ұшақ өрт ошақтарын сөндіру тапсырмасын орындағаннан кейін қонуға әрекет жасаған кезде шамамен сағат 15.00-де құлаған.

БАҚ мәліметінше, өртті сөндіру басталғанда біраз уақыттан кейін ұшақпен байланыс үзілген. Ол Мугла провинциясындағы өртті сөндіруге қатысқан ұшақтардың бірі еді. Ресейде жалға алынған. Алдын ала мәліметтер бойынша, ұшақ су алғаннан кейін қажетті биікке жете алмай, жартасқа құлаған.

Түркия СІМ басшысы Мевлют Чавушоғлу Ресей мен Түркия халықтарына көңіл айтты.

"Кахраманмараштағы өртті сөндіру кезінде болған ұшақ апатында түрік және орыс экипажының қаза болғаны туралы хабарды зор күйінішпен қабылдадым. Түрік және орыс халықтарына көңіл айтамыз. Қаза тапқандардың ерлігі ұмытылмайды!"- деп жазды министр Twitter-дегі парақшасында.

Түркия әуе күштері Бе-200 өрт сөндірушісі құлаған жерге іздестіру-құтқару операциясын жүргізу үшін ұшақ пен тікұшақ жіберді. Сондай-ақ, апат орнына Ресей Қорғаныс министрлігінің комиссиясы мен Анкарадағы Ресей елшілігінің өкілдері аттанған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети