Түркияда Украина мен Ресей келіссөзі басталды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: ©REUTERS Фото: ©REUTERS

Ыстамбұлда Ресей мен Украина өкілдері арасында келіссөздер басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Ыстамбұлда Ресей мен Украина өкілдері арасында келіссөздер басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Агенттік мәліметінше, Ресей делегациясының басшысы Владимир Мединский мен Жоғарғы Рададағы "Слуга народа" фракциясының жетекшісі Давид Арахамия келіссөздерді бастаған. Делегациялар кездесуде қол алыспағаны да айтылды.

Президент Владимир Зеленскийдің саяси кеңесшісі Михаил Подоляк Twitter-де делегациялар келіссөздер процесінің негізгі ережелерін талқылағанын мәлімдеді. Осылайша, Киев Ресей әскерінің шығарылуын және қауіпсіздік кепілдіктерін талап етеді.

"Делегациялар даулы мәселелердің барлық спектрі бойынша жұмыс істеп жатыр", - деді ол.

©REUTERS

Бұл ретте Мәскеу Украинаны "демилитаризациялау, деазификациялау", Қырымдағы Ресей егемендігін және ЛХР және ДХР тәуелсіздігін мойындау сияқты "маңызды" ұстанымдарды қамтитын жан-жақты шарт жасасуды талап етеді.

Сонымен қатар, келіссөздер барысында Мединский ресейлік тарап "ресейлік әскери қызметшілерді қорлаған видеоға" қатысты наразылық білдіргенін айтты. Оның айтуынша, Украина үкіметі ресейлік әскерилерді азаптаған қылмыскерлерге қатысты қатаң шара қолдануға уәде берген.

"Украина ресейлік әскерилерді азаптаған қылмыскерлерге қатысты ең қатаң шараларды қолдануға уәде берді", - деді Мединский Киевпен келіссөздер барысы туралы.

©REUTERS

Ресейлік делегация басшысы "бірнеше сағаттан кейін" келіссөздер барысы туралы "бірқатар мәлімдеме" жасалуы мүмкін деген үмітін білдірді.

"Бүгін сағат 9.30-дан бастап украиналық тараппен консультацияларды жалғастырамыз. Бірер сағаттан кейін оның нәтижелері туралы мәлімдеме жасаймыз деп үміттенемін", - деп келтіреді Мединскийдің сөзін РИА Новости.

©REUTERS

Украина мен Ресей арасындағы келіссөздер Долмабахче сарайында өтіп жатыр. Кездесу алдында Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған делегаттар алдында сөз сөйледі.

Бұған дейін Украина мен Ресей Түркияда үш күндік келіссөздер раундын өткізуге келіскені хабарланған болатын. Ол 28-30 наурызда өтеді. Бұл туралы делегацияның мүшесі, Украина Жоғарғы Радасындағы "Слуга народа" фракциясының жетекшісі Давид Арахамия айтқан еді.

14 наурызда Украина мен Ресей делегациялары арасындағы келіссөздердің төртінші раунды өтті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 514.98  course up  584.15  course up  6.22  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro