Түркияда Ыстамбұл мэрі ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркияда Ыстамбұл мэрі ұсталды Фото: instagram.com/ekremimamoglu

Түркияда Ыстамбұл мэрі, оппозиция өкілі Экрем Имамоглу ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі түрік БАҚ-тарына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркияда Ыстамбұл мэрі, оппозиция өкілі Экрем Имамоглу ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі түрік БАҚ-тарына сілтеме жасап.

Имамоглының үйінде тінту жүргізіліп, кейін оның полициямен сот ғимаратына жеткізілгені хабарланды.

Бұған дейін Ыстамбұлда ауқымды сыбайлас жемқорлыққа қарсы операция басталғаны хабарланған болатын. Операция аясында мэр Экрем Имамоглу мен оның баспасөзбен байланыс жөніндегі кеңесшісі Мурат Онгунды қамауға алу туралы ордер берілген. Жалпы, шамамен 100 адамға қатысты қамауға алу ордерлері беріліп, оларға сыбайлас жемқорлық, пара алу, алаяқтық және сатып алу айыптары тағылған.

Айта кетейік, Имамоглу Түркияның ең ірі оппозициялық партиясы – Республикалық халық партиясының (CHP) праймеризінде жалғыз кандидат болған. Алайда Ыстамбұл университеті Түркия Бас прокуратурасының сұрауы бойынша Имамоглудың дипломын жарамсыз деп таныды. Бұл шешім оған президенттікке үміткер болуға кедергі келтіреді, себебі президенттікке тек жоғары білімді азаматтар ғана үміткер бола алады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети