Түркияда жер сілкінісінен он бір күн өткеннен кейін үйінді астынан екі адам құтқарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Anadolu басылымына сілтеме жасап.
Түркияда жер сілкінісінен он бір күн өткеннен кейін үйінді астынан екі адам құтқарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Anadolu басылымына сілтеме жасап.
26 жастағы Мехмет Али Шакироглу мен 34 жастағы Мұстафа Авчи жер сілкінісінен кейін 261 сағаттан соң Хатай провинциясы Антакия қаласы Одабаши ауданындағы үйінді астынан шығарылды.
Антакиядағы Одабаши ауданындағы үйінділерді тазалаған құтқару тобы қираған үйдің тақталары арасында қысылып қалған екі азаматқа жетті. Белсенді күш-жігерден кейін олар екеуін де тірідей шығарып үлгерді.
Аман қалғандарға алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, ауруханаға жеткізілді.
Hatay'ın Antakya ilçesindeki binanın enkazından 26 yaşındaki Mehmet Ali Şakiroğlu ile 34 yaşındaki Mustafa Avcı, depremin 261. saatinde sağ çıkarıldı https://t.co/h7CP5aOpVO pic.twitter.com/UzNi6ZsusS
— ANADOLU AJANSI (@anadoluajansi) February 16, 2023
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!