Түркиядағы жер сілкінісі. 198 сағаттан кейін тірі қалғандар табылып жатыр

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркиядағы жер сілкінісі. 198 сағаттан кейін тірі қалғандар табылып жатыр

Түркияда жер сілкінісінен тоғыз күн өткеннен кейін үйінді астынан тағы үш адам құтқарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Anadolu басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркияда жер сілкінісінен тоғыз күн өткеннен кейін үйінді астынан тағы үш адам құтқарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Anadolu басылымына сілтеме жасап.

Түркияның оңтүстік-шығысындағы Кахраманмараш провинциясының Дулкадироглу ауданында жер сілкінісінен 198 сағат өткен соң екі ағайынды үйінді астынан құтқарылды. 14 ақпанда таңертең ондаған құтқарушылардың күш-жігерінің арқасында 17 жастағы Мухаммед Энес Йенинар мен оның ағасы 21 жастағы Баки Йенинар аман қалды. Жаралылар ауруханаға жатқызылды.

Түркияның Адыяман қаласында тағы бір адам құтқарылды. 18 жастағы Мұхаммед Жафер Четиннің орнын түрік әскерилері, кеншілер мен еріктілерден құралған құтқару тобы анықтады. Тоғыз күн үйінді астында қалған жігіт ауруханаға жатқызу үшін дәрігерлерге тапсырылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети