Түркиядағы жер сілкінісі: екі провинциядан басқа жерде құтқару жұмыстары аяқталды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркиядағы жер сілкінісі: екі провинциядан басқа жерде құтқару жұмыстары аяқталды Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Түркияның екі провинциясынан басқа барлық жерде күшті жер сілкінісінен кейінгі құтқару жұмыстары аяқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Анадолу" агенттігіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркияның екі провинциясынан басқа барлық жерде күшті жер сілкінісінен кейінгі құтқару жұмыстары аяқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Анадолу" агенттігіне сілтеме жасап.

Түркия төтенше жағдайлар агенттігі мәліметінше, апат ошағы, Кахраманмараш пен Хатайда іздеу-құтқару жұмыстары жалғасады.

Апаттар салдарын жою агенттігінің (AFAD) басшысы Юнус Сезер іздеу-құтқару жұмыстары екі провинциядағы 40-қа жуық ғимаратта жалғасып жатқанын айтты.

Түркияда 345 000-ға жуық пәтер қирап, көптеген адам із-түзсіз жоғалып кеткен деп саналады.

Еске салайық, бұған дейін Түркияның оңтүстік-шығысында болған жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 41 мыңнан асқаны хабарланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети