Түркиядағы жер сілкінісі: қаза тапқандар саны 900-ден асты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркиядағы жер сілкінісі: қаза тапқандар саны 900-ден асты

Түркиядағы алапат жер сілкінісі құрбандарының саны 900 адамнан асты. Бұл туралы президент Режеп Тайып Ердоған мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Daily Sabah басылымына сілтеме жасап.

Түркия президентінің айтуынша, осы уақытқа дейін 912 адам қаза тауып, 5385 адам жарақат алған. 2470 адам құтқарылған. Ердоған қаза тапқандардың түпкілікті санын болжау қиын екенін атап өтті.

Ол сондай-ақ әртүрлі қалаларда 2818 ғимараттың құлағанын хабарлады.

"Бүгін жергілікті уақыт бойынша 04.17-де болған жер сілкінісі 1939 жылғы Эрзинджань жер сілкінісінен бері Түркия тарихындағы ең үлкен апат болды. Өкінішке қарай, қаза болғандар саны 912-ге жетті", - деді Ердоған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети