Түркиядағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 12 мыңнан асты

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркиядағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 12 мыңнан асты

Түркияда жер сілкінісі салдарынан 12 391 адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Anadolu Agency сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркияда жер сілкінісі салдарынан 12 391 адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Anadolu Agency сайтына сілтеме жасап.

Түркия Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, Кахраманмараштағы жер сілкіністері салдарынан 12 391 адам қаза тауып, 62 914 адам жарақат алған.

Еске салайық, бұған дейін 6 ақпанда Түркияның орталығы мен оңтүстік-шығысында, Сириямен шекаралас жерде жойқын жер сілкінісі болғаны хабарланған болатын. АҚШ Геологиялық қызметі мәліметінше, 7,8 балдық жер сілкінісі жергілікті уақыт бойынша сағат 04:17-де Газиантеп маңында 17,9 шақырым тереңдікте тіркелген. Кейінгі деректер бойынша, оқиға салдарынан екі елде 7200 адам қаза тапты. Сондай-ақ, Түркияның әр жерінде тұрғын үйлер мен тарихи Газиантеп бекінісі қирады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети