Түркиядағы орман өрті: террористік ұйым жауапкершілікті өз мойнына алды

Түркиядағы орман өрті: террористік ұйым жауапкершілікті өз мойнына алды Фото: Reuters

КЖП ұйымы мен "От балаларының бастамасы" тобы шілде айының соңынан бастап Түркия аумағында таралған орман өрттері үшін жауапкершілікті өз мойнына алды. Бұл туралы ұйымдар әлеуметтік елідегі парақшаларында айтты, - деп хабарлайды Yeni Safak.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"От балаларының бастамасы" - Түркияда террористік деп танылған Күрдістан жұмысшы партиясының (КЖП) ұйымының бөлімшесі. Олар әлеуметтік желідегі парақшаларында ресми түрде елдегі өртке жауапты екендерін жазды. 

"Түрік режимі басқа тілді түсінбейінше өрт арқылы тізе бүктіретін кез келді", - делінген хабарламада. 

Газет мәліметінше, "От балалары" 1990 жылдан бері елде орман өртін жиі шығарып жүр. Мұндай жайт былтыр да болған екен.  

Бүгінде Антальяның Манавгат, Гюндогмуш және Мугла, Мармарис, Кейджегиз және Милас аудандарында өрт сөндіріліп жатыр. Өрт кезінде 7 адам қайтыс болған. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети