Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев 1 тамызда баспасөз конференциясын өткізген. Ол онда Түркия СІМ мәлімдемесін сандырақ деген болатын. Мемлекет басшысының айтқандарын Түркия БАҚ өкілдері "дөрекі және күтпеген жерден" айтты деп бағалады, - деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан.

Осыған дейін, түркиялық СІМ Түркияда төңкеріс жасамақ болды деп айыпталған Фетхуллах Гүленнің Қырғызстанда да төңкеріс жасауы мүмкін деп ескерткен.
Хабар таратушы Haber10 сайты "Түрік сценариімен" жасалмақ төңкеріске Алмазбек Атамбаевтың арсыз мәлімдемесі" деп қойылған мақаланы жариялады. Мақалада мемлекет басшысы "арсыз әрі дөрекі" жауап берді делінген. Олар "егемен елдің шешімдерді дербес қабылдауға күші жеткілікті" екенін алға тартуда.
Ahaber басылымы Алмазбек Атамбаевтың мәлімдемесін "қызықты әрі күтпеген жерден айтты" деп жазған. TurkHaber24 Қырғызстан басшысының айтқандарын "күтпегендік" деп бағалады.
Басқа да түркиялық жаңалық таратушы басылымдар Алмазбек Атамбаев Чавушоғлыға жауап бере отырып "сәл қоқан-лоқы көрсетіп" және Қырғызстанда төңкеріс болады деп қорқытпауын сұрады деп жазып жатыр.