17 ақпан 2023 10:52

Түркиялық жанкүйерлер Қазақстан мен басқа да елдердің құтқарушыларына алғыс білдірді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры видео кадры

"Трабзонспор" клубының жанкүйерлері жойқын жер сілкінісінен кейін Түркияға көмекке келген құтқару топтарына алғыс айтты, - деп хабарлайды Tengri Sport.


"Трабзонспор" клубының жанкүйерлері жойқын жер сілкінісінен кейін Түркияға көмекке келген құтқару топтарына алғыс айтты, - деп хабарлайды Tengri Sport.

Перформанс Конференция лигасының плей-офф кезеңінде түрік клубы мен швейцариялық "Базель" арасындағы ойын алдында болды.

"Әсерлі сюжет: құтқарушы, бала және ит. Протео атты ит қиранды астынан адамдарды іздестіріп, қажып, күші сарқылғанда өліп қалады", - деп жазды БАҚ Трабзондағы стадионда көрсетілген көріністі түсіндіріп.

Құтқарушының дулығасында үйінді астынан адамдарды іздестіру және құтқару үшін құтқарушылар жіберген елдердің туы бейнеленген. Алғыс тізімінде Қазақстанның туы да бар.

Еске салайық, дүйсенбі, 6 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығыс бөлігінде екі күшті дүмпу болып, Сирияның бірнеше провинциясы да зардап шеккен.

Соңғы мәліметтер бойынша, Түркия мен Сириядағы бірқатар жер сілкінісінен зардап шеккендердің саны 40 мыңнан асқан.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.37   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети