Түркияның бас прокуратурасы оппозициялық уағызшы Фетхуллах Гүленді 1900 жылға бас бостандығынан айыруды талап етті. Бұл туралы Anadolu мемлекеттік ақпарат агенттігі бүгін, 16 тамызда хабарлады.
Түркияның бас прокуратурасы оппозициялық уағызшы Фетхуллах Гүленді 1900 жылға бас бостандығынан айыруды талап етті. Бұл туралы Anadolu мемлекеттік ақпарат агенттігі бүгін, 16 тамызда хабарлады.
Сонымен қатар, прокуратура Гүленді екі мәрте өмір бойына бас бостандығынан айыруды сұрап отыр. 2527 беттік айыптау қорытындысы елдің Жоғарғы қылмыстық сотына берілді. Гүлен мемлекеттік құрылымды күштеп құлатқысы келді, қарулы террористік топ құрды және оған басшылық етті деген айып тағылып отыр.
Ал Lenta.ru басылымы Дүниежүзілік банктің мәліметіне сүйене отырып, түріктердің орташа өмір сүру уақытының 75 жылға созылатынын жазады. "Гүлен 2016 жылы 75 жылдық мерейтойын атап өткенін есепке алатын болсақ, ол 1900 жылдан кейін бостандыққа шыға алмайды, ал бұл мерзім де-факто өмір бойына бас бостандығынан шектеумен теңеседі", - деп жазады ресейлік басылым.
Айта кетейік, 4 тамызда Ыстамбұл сотының АҚШ-та тұратын уағызшыны ұстау туралы санкция шығарған болатын. Анкара оны астыртын сөз байласты деп айыптап, дереу Түркияға экстрадициялануы керек деп мәлімдеді. Гүленнің өзі болса бүлікке қатысы жоқ екенін айтып, оны керісінше сөгіп отыр.