Түркияның Кахраманмараш провинциясында тағы жер сілкінісі болды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркияның Кахраманмараш провинциясында тағы жер сілкінісі болды © РИА Новости

Түркияның Кахраманмараш провинциясында 18 ақпанда кешке қарай магнитудасы 5,1 болатын жер сілкінісі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Anadolu агенттігіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркияның Кахраманмараш провинциясында 18 ақпанда кешке қарай магнитудасы 5,1 болатын жер сілкінісі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Anadolu агенттігіне сілтеме жасап.

Түркияның табиғи апаттар мен төтенше жағдайларды жою басқармасы (AFAD) сайтында жарияланған ақпаратқа сәйкес, жер асты дүмпулері жергілікті уақыт бойынша сағат 22.31-де Гёксун аймағында тіркелген. Жер сілкінісінің ошағы 12,18 шақырым тереңдікте болды.

Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының (EMSC) сейсмологтары жер сілкінісінің күшін 5,2 балл деп бағалады. Жаңа жер сілкінісінен зардап шеккендер мен құрбандар туралы әзірге ақпарат жоқ.

Еске салайық, 6 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығысында 7,7 және 7,6 балдық екі күшті жер сілкінісі болып, сонымен қатар мыңдаған кішігірім дүмпулер тіркелді. Жер сілкінісінің бір ошағы Хатай провинциясымен шектесетін Кахраманмараш провинциясында болды. Түркияда 18 ақпанда кешке жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 40 мыңнан асты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети