Түркияның оңтүстік-шығысында полиция бөлімшесінде жарылыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркияның оңтүстік-шығысында полиция бөлімшесінде жарылыс болды © Kadirkonuksever/Al Jazeera Turk

Түркияның оңтүстік-шығысында орналасқан Диярбакыр қаласындағы полиция бөлімшесінде жарылыс болды, - деп хабарлайды BBC жергілікті ақпарат құралдарына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркияның оңтүстік-шығысында орналасқан Диярбакыр қаласындағы полиция бөлімшесінде жарылыс болды, - деп хабарлайды BBC жергілікті ақпарат құралдарына сілтеме жасап.

Ақпарат құралдарының мәліметінше, жарылыстан бес адам қаза тауып, 36 адам жарақаттанды. Қаза тапқандардың ішінде әйел мен кішкентай бала бар.


© twitter.com/HdpliAlevi

Жарылғыш зат полиция ғимаратына кіреберісте іске қосылған. Жарылыстан көрші ғимараттар да зардап шекті. Қазір құтқарушылар үйінді астынан адамдарды іздестіріп жатыр. Терактіні әзірше ешқандай ұйым мойындамады. Түркия билігі елде тыйым салынған Күрдістан жұмыс партиясының мүшелерін айыптап отыр.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 514.32  course up  603.27  course up  6.41  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети