Жұма күні Түркияның шығысындағы Элязыг провинциясында магнитудасы 6,8 балдық жер сілкінісі тіркелді, - деп хабарлайды РИА Новости.
Жұма күні Түркияның шығысындағы Элязыг провинциясында магнитудасы 6,8 балдық жер сілкінісі тіркелді, - деп хабарлайды РИА Новости.
Жер сілкінісінің тереңдігі - 7 шақырым. Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 4:30-да жер сілкінісі салдарына қаза тапқандар саны 15-ке жеткен. Құтқарушылар үйінділер арасынан 30 шақты адамды іздестіріп жатыр.
Түркиялық Элязыг тұрғындары көшелерде жүр. Қала орталығында қираған ғимараттар көрінбейді, алайда Гюнбалы ауылының әкімі Озджан Гюндемнің айтуынша, қирандылар астында қалған адамдар туралы ақпарат бар екен.
Жер сілкінісінен соң түсірілген видео әлеуметтік желіде жарияланды.
— Dr ALİye İsmail ⚕️ (@cuberubiks) 24 января 2020 г.
"Жойқын жер сілкінісі болды. Қатты қорқып қалдық, барлығы көщеге жүгіріп шықты, бізде сыртта тұрмыз. Суық өтіп барады, бірақ үйге кіруге де қорқып тұрмыз.
Turkish interior minister has confirmed 4 people have died after eartquake hit #Elazig. “Dozens of buildings collapsed,” according to unconfirmed reports. #Turkey pic.twitter.com/G9TQp6gOsa
— Hatice ‘Deniz’ AVCI (@HaticeDenizAVCI) 24 января 2020 г.
Кейінірек Сирияның тұрғындары жел сілкінісін сезген. Елдің шығысындағы Дейр-эз-Зор және Хасеке қалаларында, сондай-ақ Аллепода жер сілкінісі сезілген.
Аl-Watan газетінің мәліметінше, Аллепода 7 секунд бойы жер сілкінген.
Еуропалық сейсмологиялық орталықтың (ESMC) сайтында Түркия мен Сирия шығысында 6,9 балдық жер сілкінісі болған.