Түрікменстан ел тарихында алғаш рет Олимпиада медалін жеңіп алды

Түрікменстан ел тарихында алғаш рет Олимпиада медалін жеңіп алды

21 жастағы Полина Гурьева Түркіменстан үшін ел тарихындағы алғашқы Олимпиада медалін жеңіп алды, - деп хабарлайды "Хроники Туркменистана".

ПОДЕЛИТЬСЯ

21 жастағы Полина Гурьева Түркіменстан үшін ел тарихындағы алғашқы Олимпиада медалін жеңіп алды, - деп хабарлайды "Хроники Туркменистана".

Токиодағы Олимпиадада Полина 59 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде әйелдер арасында ауыр атлетикадан екінші орын алып, күміс медальға ие болды.

Спортшы 96 келі салмақта штанганы көтеріп, жалпы 217 келі жинады.

Бірінші орынды 236 келі (103 келі + 133 келі) нәтижесімен Қытайдан (Тайвань) келген спортшы Куо Син-Чжун (Kuo Hsing-Chun), үшінші орынды 214 келі (94 келі + 120 келі) нәтижесімен жапониялық Андо Микико (Ando Mikiko) иеленді.

Олимпиада ойындарының ресми сайтында алдымен Полина гимнастикамен айналысқаны, бірақ содан кейін ауыр атлетикаға ауысқаны жазылған, себебі оның әкесі осы спорт түрінің жаттықтырушысы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети