Түрікменстан вице-премьері, сыртқы істер министрі Рашид Мередов Түркі мемлекеттері ұйымы сыртқы істер министрлерінің кезектен тыс онлайн-кездесуінде Түрікменстан Қазақстанға газ бен электр қуатын жеткізуге дайын екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

"Түрікменстан биылғы наурыздан бастап бауырлас Қазақстан Республикасына газ бен электр қуатын қажетті көлемде жеткізуге дайын", - деді Мередов.
Түрікменстан сыртқы істер министрлігінің басшысы Ашхабадтың аймақ елдеріндегі экономикалық, әлеуметтік және гуманитарлық дамуға кепілдік беретін тұрақты бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау үшін Түркі мемлекеттерінің ұйымына мүше барлық мемлекеттермен тығыз ынтымақтастықты жалғастыратынын айтты.
Мередов Түрікменстан Қазақстандағы жағдайдың тезірек қалыпқа келуіне, елдің одан ары тұрақты қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуына барынша қолдау білдіретінін атап өтті.
"Түрікменстан әлемдік қауымдастық мойындаған бейтарап мемлекет ретінде Қазақстан халқына экономикалық, әлеуметтік және гуманитарлық салаларда қолдау көрсетуге дайын", - деді Мередов.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!