31 қазан 2018 11:29

Түрікменстан президенті жарты миллион еуроға жарыс автокөлігін сатып алды

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

© kaktakto.com © kaktakto.com

Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедовтың "Амуль-Хазар" раллиіне дайындалған автокөлігі Германияда 520 мың еуроға сатып алынған. Мұны Түрікменстанның мемлекеттік сатып алу порталындағы деректер растайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Kaktaktо сайтына сілтеме жасап. 

7 маусымда президент үшін автокөлік сатып алынған, ал 19 маусымда Түрікменстан президенті және оның ұлы Сердар "өз қолымен" салған сызбасы бойынша жарыс машинасын құрастырып, жинаған.

Бердімұхамедов жинаған автокөлік 20 маусымда жұртшылыққа көрсетілді. Шілденің басында Түрікменстан президенті Германиядан әкелінген автокөлікке сынақ жасап, кейін өзгертулер енгізген. 

Бердімұхамедов ралли жарысына да Mini-Cooper спорт автокөлігімен қатысқан, бірақ ол Германиядан әкелінген сол көлік екені белгісіз.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети