Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов теледидар, телефон, кулер, роутер мен түрікмен өндірісіндегі сплит-кондиционерлеріне жаңа атау ойлап тапты, - деп хабарлайды "Хроники Туркменистана".
Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов теледидар, телефон, кулер, роутер мен түрікмен өндірісіндегі сплит-кондиционерлеріне жаңа атау ойлап тапты, - деп хабарлайды "Хроники Туркменистана".
Түрікменстанның индустрия және құрылыс өндірісі министрі, президенттің ұлы Сердар Бердімұхамедов отандық электроника өнеркәсібінің дамуы және импортты алмастыратын өнімдер өндірісі туралы хабарлаған.
Ол әкесіне алдағы түрікмен электронды өнімдерінің үлгілерін - смарт теледидарлар, екі сим карталы ұялы телефондар, смартфон, моноблок, сплит-кондиционер, суды салқындатуға және жылытуға арналған салқындатқыштарды таныстырған.
"Индустрия министрі электронды өнеркәсіп өнімдерінің ерекшеліктері мен қолданыстағы технологиялар туралы айтты. Министр оларды компьютерлерге қосу мүмкіндігі және оларды бір пульт арқылы басқару мүмкіндігі туралы хабарлады", - делінген басылым хабарламасында.
Артынша Сердар Бердімұхамедов президенттен жаңа теледидарларға, компьютерлер мен ұялы телефондарға атау беруін сұрады.
Мемлекет басшысы ұсынылған 65 дюймдік смарт теледидарды "Älem", ал елде шығарылатын моноблок компьютерін "Şowly" деп атау орынды болатынын айтқан. Сонымен қатар, смартфонға "Milli", ал екі симкарталы мини телефондарға "Körpe" деген атау ұсынылды. Сондай-ақ, Президент кеңінен қолданылатын роутерлерге күнделікті өмірде қолданылатын салқындатқыштарға "Teşne", ал сплит-кондиционерлерге "Mylaýym" деген атау беру керек деп кеңес берді.
28:15-тен басталады:
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!