17 сәуір 2018 | 09:31

Түрікменстанда 30-ға толмаған ер адамдар елден шыға алмайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түрікменстанда 30 жасқа толмаған ер адамдар елден шыға алмайды. Бұл туралы "Радио Азатлык" басылымы хабарлады.


Иконка комментария блок соц сети

Түрікменстанда 30 жасқа толмаған ер адамдар елден шыға алмайды. Бұл туралы "Радио Азатлык" басылымы хабарлады.

Көші-қон қызметіндегі шенеуніктердің мәліметінше, мұндай шаралар азаматтардың қауіпсіздігі үшін қолданылып жатыр.

"Менің шетелге кетпекші болған 27 жастағы танысымды көші-қон қызметінің облыстық бөлімшесіне шақыртып алды. Билетін алып, Ашхабадқа барамын деп ойламай-ақ қоюын сұрады. Айтуларынша, 30 жасқа толмаған ер адамдарды шетелге шығармайтын жаңа қаулы қабылданған", - деп жазады басылым дереккөзіне сілтеме жасап.

Сондай-ақ, дереккөздің айтуынша, кейбір адамдарға билеттерінің бағасын қайтарып берген. 

9 сәуірде құқық қорғау органдарының өкілдері көшеде наушникпен өлең тыңдаған Ашхабад тұрғындарына айыппұл сала бастаған еді. Полициядағылардың айтуынша, наушникпен өлең тыңдап жүрген жаяу жүргіншілер көлік өтіп бара жатқанын немесе көлік келе жатқанын естімей қалып, салдарынан оларды көлік басып кетуі мүмкін. Олардың айтуынша, ішкі істер министрі жолдарда жол-көлік оқиғаларын азайту туралы бұйрық берген.

Ал 5 сәуірде Түрікменстан билігіндегілер елге әйелдерге шомылуға арналған киім мен шолақ шалбар әкелуге тыйым салған.

Еске сала кетейік ,осыған дейін Түрікменстанда мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың шенеуніктеріне тырнақ бояп, өсіруге, кірпік өсіруге, шаш бояуға және алтын бұйымдарды тағуға тыйым салу туралы норманың енгізілгені хабарланған болатын. Тіпті қаладағы сұлулық салондарында қызметтің бұл түрлері тізімнен алынып, елге кірпік пен тырнақ өсіруге арналған материалдарды әкелуге тыйым салыныпты. Ал осыдан кейін әйелдерге арналған осындай өнімдердің бағасы 50 пайызға дейін қымбаттап кеткен.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети