16 шілде 2018 | 11:17

Түрікменстанда алкогольді сатуға тыйым салынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түрікменстан билігі ел астанасы Ашхабад пен облыстық әкімшілік орталықтарда алкогольдік ішімдіктерді сатуға тыйым салды. Бұл туралы "Азатлық Радиосы" хабарлады.


Иконка комментария блок соц сети

Түрікменстан билігі ел астанасы Ашхабад пен облыстық әкімшілік орталықтарда алкогольдік ішімдіктерді сатуға тыйым салды. Бұл туралы "Азатлық Радиосы" хабарлады.

Дереккөздердің мәліметінше, биліктегілер дүкен сөрелерінен спирттік ішімдіктерді алып тастау шараларын жүргізіп жатыр. Ішімдікпен күрес 5 шілдеде қабылданған бағдарламадан кейін іске асты, бұл бағдарлама 2018-2024 жылдар аралығында Түрікменстанды алкогольдің зиянды әсерінен қорғау жөніндегі ұлттық құжат болып есептеледі. "Дүйсенбіде (9 шілде) дүкен иелері жеке дүкендерінің сөрелерінен спирттік ішімдіктерді алып тастайтындарын айтты", - деді дереккөз.

Оның айтуынша, келесі күні республикадағы дүкендерде рейд басталды. "Сейсенбіде (10 шілде) өз басым астаналық ең ірі базарлардың бірі "Мирде" жеке дүкендерден, еш құжатсыз барлық алкогольдік сусындардың тәркіленгеніне куә болдым. Олар өздерімен бірге арнайы қызметкерлерді алып келіп, тауарларды көліктерге тиеді. Дүкен иелеріне сәрсенбіде полиция департаментіне келуі керек екендері айтылды, тәркіленген тауарлар сол жерде рәсімделеді", - деді дереккөз.

Айта кетейік, бұл елде ішімдікпен күрес бірнеше қайғылы оқиғадан кейін басталған, адамдар ішімдіктен уланған. Түрікменстанда соңғы кездері адамдардың ішімдіктен улану жағдайы көбейген, тіпті кейбірі қайтыс болған.

"Елге метил спирті жеткізілген. Оның этил спиртінің орнына қолданылуы да мүмкін. Соның кесірінен бірнеше қайғылы жайт болды, тіпті қаза тапқандар бар. Осыған байланысты базарларда тексеру жүріп жатыр, қай жерде жасалғаны белгісіз спирттік ішімдіктер сол жерлерде көптеп тәркіленді", - деді Түрікменстан басылымының тілшісі.

Айта кетейік, Түрікменстанда мемлекеттік БАҚ ішімдік сатылымына тыйымның салынғаны туралы хабарлап жатқан жоқ, алайда 12 шілдеде "Хроника Туркменистана" тәуелсіз қоғамдық ақпарат агенттігі бұл жөнінде хабар таратқан. Басылымның мәліметінше, екі күннің ішінде Ашхабад қаласында спирттік ішімдік сатқан жеке дүкендердің барлығы жабылып қалған. Бұл деректі "Азатлық Радосындағы" дереккөздер де растады.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети