09 қаңтар 2020 09:36

Түрікменстанда биліктегілер фильм үшін АҚШ-қа қарсы насихат жүргізіп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Призрачная шестерка" фильмі. © Film "Призрачная шестерка" фильмі. © Film

Түрікменстанда жергілікті билік өкілдері америкалық "Призрачная шестерка" фильмі прокатқа шыққан соң халық арасында АҚШ-қа қарсы насихат жүргізіп жатыр. Биліктегілердің айтуынша, фильмдегі оқиғалар мен кейіпкерлер Түрікменстанды еске салады, - деп жазады "Радио Азатлық"

Басылымның мәліметінше, ұлттық қауіпсіздік пен ішкі істер министрліктерінің қызметкерлері, прокуратура өкілдері мектептер мен мәдениет үйлерінде кездесулер өткізіп жатыр.

Жиналғандардың барлығы таяуда прокатқа шыққан Netflix кинокомпаниясының "Призрачная шестерка" ("6 Underground") фильмін талқылаған.

Жергілікті билік өкілдері Американы "түрікмен халқының жауы" деп атаған. "АҚШ біздің елдің ойран ету үшін барлық әрекетті жасап жатыр. Олар халықтың наразылығын туғызу үшін барынша тырысып жатыр", - деп келтірген журналист жиынға қатысушылардың бірінің сөзін.

Басылымның мәліметінше, қазіргі уақытта билік өкілдері жаңа фильмнің прокатына қарсы шаралар қолданып жатыр.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети