ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Дүйсен Қасейінов Ресейдің ұйыммен серіктестігін тоқтатуына қатысты пікірін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Дүйсен Қасейінов Ресейдің ұйыммен серіктестігін тоқтатуына қатысты пікірін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Біз өзіміз бұл туралы газеттер мен әлеуметтік желіден білдік. Бұл жөнінде Түркиядағы Ресейдің елшілігіне де, біздің ұйымға да ескерту келіп түскен жоқ. Алайда солай болуы тиіс. Бір жағынан, әр елдің қай ұйымға кіретін немесе шығатыны туралы құқығы өзінде. Сондықтан бізге Ресей мен Түркия арасындағы қазіргі қарсыластықтың аяқталуын күтуден басқа амал жоқ", - деді Қасейінов.
Сонымен қатар, ол Ресей мен Түркия арасындағы байланыс қалыпқа келгеннен кейін ТҮРКСОЙ-мен арадағы қарым-қатынас жаңғыра түседі деген үмітін жеткізді.
"Барлығы оңалғаннан кейін бұл өңірлермен (Ресей) байланыс орнату үшін келіссөздер жүргіземіз деп айтамыз деген үміттеміз. Жалпы, алдын ала ештеңе айтылған жоқ. Бір жыл бұрын біз ұйым мен Ресейдің мәдениет министрлігі арасындағы меморандумды ұзарттық. Таяуда бірінші орынбасар қол қою үшін хабарлама келіп түсті, ТҮРКСОЙ-мен серіктестік мәселелері бойынша Ресейдің мәдениет министрі орынбасарларының бірі тағайындалды", - деді Бас хатшы.
"Біздің соңғы отырысымызда келесі жылы Уфа қаласын түрік мәдениетінің астанасы етіп сайлау туралы Башқұртстан мәденит министрінен ұсыныс түсті. Барлығы өз арнасымен жүріп келе жатқан, сөйтіп 24 қарашада болған оқиға біздің барлық жоспарды бүлдірді. Біздің ұйыммен байланыстың уақытша үзілетіні туралы Мединскийдің хабарламасын (РФ мәдениет министрі - Авт.) біз осылайша білдік", - деді Қасейінов.
Айта кетейік, 28 қарашада Ресейдің ТҮРКСОЙ ұйымымен серіктестігін Су-24 ұшағымен болған оқиғадан кейін тоқтататыны белгілі болды.