30 қараша 2017 | 08:28

Туыстары рұқсат сұрамай үйленіп алған жас жұпты өлтірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© news.am © news.am

Құқық қорғау органдары ата-анасы мен туыстарының рұқсатынсыз үйленген жас отбасыны (салт-дәстүрді аяқ асты қылғаны үшін) "ар-намыс өлімі" қылмысына қатысқан он адамды қамауға алды, - деп хабарлайды Вести.ru.


Иконка комментария блок соц сети

Құқық қорғау органдары ата-анасы мен туыстарының рұқсатынсыз үйленген жас отбасыны (салт-дәстүрді аяқ асты қылғаны үшін) "ар-намыс өлімі" қылмысына қатысқан он адамды қамауға алды, - деп хабарлайды Вести.ru.

Қайғылы оқиға Пәкістанның Карачи қаласында болды. 24 жастағы Абдул Хади мен 19 жастағы Хасина Биби өз туыстарының қолынан қаза болды. Олардың денесі жергілікті молалардың бірінен табылды. Сонымен қатар, тексеру барысында олардың бірнеше рет пышақ жарақатын алғаны анықталды. Жас жұпты өлтірді деген күдікке Хадидің әкесі мен тоғыз туысы қамауға алынды. Қыздың әкесі құқық қорғау органдарынан қашып жүр. 


© Shakil Adil/AP

Қамауға алынғандардың барлығы өз кінәларын мойындады. Олар бұл қадамға пуштун дәстүрін сақтамағаны үшін жергілікті тайпалық кеңестің шешімі бойынша істегендерін айтады, - деп жазады The Independent газеті.  

Кейбір мәліметтер бойынша, жылсайын Пәкістанда "ар-намыс өлімі" құрбандары мыңнан асады екен. Осыған дейін осы елде ата-анасынан қашып кеткен 17 жастағы жігіт пен 15 жастағы қыздың туыстарының қолынан өлтірілгені жайлы жазылған. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети