Twitter желісін құрған Джек Дорси 10 мың отбасыға көмектесті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Twitter желісін құрған Джек Дорси 10 мың отбасыға көмектесті

Twitter желісін құрған Джек Дорси коронавирус салдарынан кедейленіп қалған америкалық отбасыларды қолдау үшін 10 миллион доллар қайырымдылыққа берді, - деп хабарлайды Forbes.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Twitter желісін құрған Джек Дорси коронавирус салдарынан кедейленіп қалған америкалық отбасыларды қолдау үшін 10 миллион доллар қайырымдылыққа берді, - деп хабарлайды Forbes.

Коммерциялық емес GiveDirectly, Propel және Stand for Children ұйымдары бастаған жоба аясында Дорси берген қаражат 10 мың отбасыға мың доллардан үлестіріп беріледі. Project100 сәуірден бері 84 миллион доллар жинаған, оның мақсаты - 100 мың америкалық отбасыға көмектесу үшін 100 миллион доллар жинау. 

Еске салайық, бұған дейін Джек Дорси коронавируспен ғаламдық күресті қаржыландыру үшін бір миллиард доллар берген. Оның айтуынша, пандемия біткен соң, қор білімге көңіл аударады. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети