Ухан зертханасының басшысы коронавирустың тарауына қатысты пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ухан зертханасының басшысы коронавирустың тарауына қатысты пікір білдірді Фото: © CGTN

Ухан қаласындағы вирустық зертхананың директоры, профессор Юань Чжимин коронавирус инфекциясының тарауына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Daily Mail.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ухан қаласындағы вирустық зертхананың директоры, профессор Юань Чжимин коронавирус инфекциясының тарауына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Daily Mail.

Ғалымның айтуынша, оның рұқсатынсыз зертханаға "маса да ұшып кіре алмайды", себебі, мекемеде қауіпсіздік шаралары қатаң сақталады.

"Кейбір адам біз жануарларды сату үшін оларға тәжірибе жасаймыз немесе жануарлар зертханадан қашып кетеді деп болжам жасаған кезде олар осы жердегі құралдар және біздің зертхананың жұмысы туралы білмеген. Тіпті, ешбір қызметкер осы жерден бір тамшы суды да алып кете алмайды", - дейді профессор мемлекеттік CGTN телеарнасына берген сұхбатында.

Қытай ғылым академиясы жанындағы биологиялық қауіпсіздік жөніндегі Ухан ұлттық зертханасы P4 деген атаумен танымал. Мұнда 1,5 мыңнан астам қауіпті вирустың штаммы бар. Мысалы, мұнда Эбола безгегінің штаммы сақталған.

Айта кетейік, осыған дейін ұлыбританиялық БАҚ 2012 жылы Қытайда генетикалық жағынан SARS-CoV-2-ге ұқсас вирус таралуы мүмкін деген мақала жариялаған болатын.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 509.21  course up  592.35  course up  6.64  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети