Уханда ауру жұқтырғандар саны ресми деректен үш есе көп - зерттеу

ПОДЕЛИТЬСЯ

Уханда ауру жұқтырғандар саны ресми деректен үш есе көп - зерттеу Фото ©REUTERS

Қытайда жасалған зерттеу қорытындысы Ухандағы коронавирус жұқтырғандар саны үш есе көп екенін көрсетті, - деп хабарлайды Reuters.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қытайда жасалған зерттеу қорытындысы Ухандағы коронавирус жұқтырғандар саны үш есе көп екенін көрсетті, - деп хабарлайды Reuters.

PLOS Neglected Tropical Diseases журналында жарияланған зерттеуде ғалымдар Уханда 168 мың адам коронавирус жұқтырғанын растады. Бұл ресми деректегі 50 мыңға жуық жағдайдан үш есе артық.

Мамандар бұл деректі анықтау үшін Қытайдың әр өңірінен 2020 жылдың наурызынан мамырына дейін 60 мыңнан аса дені сау адамның қанына талдау жүргізді. Олар басқа аймақтармен салыстырғанда Ухан тұрғындарының 1,68 пайызының талдауларында COVID-19 туғызатын SARS-CoV-2 антиденесі барын анықтаған. 

Мамандар вирус жұқтырғандардың үштен екі бөлігі симптомсыз ауырған және клиникалық жағдайлар жойылғаннан кейін тағы мыңдаған адам жұқтырған деп отыр.

Мұндай дерекке Қытай ауруларды бақылау және алдын алу орталығының (CDC) жариялаған зерттеуі де сәйкес келді. Ғалымдар құжатта Ухандағы тұрғындардың андинесін анықтап, көрсеткіші 4,43 пайыз болғанын келтірген. Зерттеушілердің айтуынша, бұл көрсеткіш қалада жарты миллионға жуық адамның вирус жұқтырғанын білдіреді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети