17 сәуір 2020 10:23

Уханда коронавирустан қайтыс болғандардың саны күрт өсті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: busiweek.com Фото: busiweek.com

Қытайдың Ухан қаласында COVID-19 вирусынан көз жұмғандардың саны күрт өсті, - деп хабарлайды РИА Новости.


Қытайдың Ухан қаласында COVID-19 вирусынан көз жұмғандардың саны күрт өсті, - деп хабарлайды РИА Новости.

Дереккөз мәліметінше, қала билігі коронавирус жұқтырғандардың статистикасына сараптама жүргізген. Олар Уханда қауіпті індетті жұқтырған науқастар мен қайтыс болғандардың саны осыған дейінгі берілген ақпараттан көп екенін анықтапты.

17 сәуірде Қытайдың денсаулық сақтау жөніндегі мемлекеттік комитеті Уханға қатысты статистикалық мәліметті жариялады. Қаладағы эпидемия кезінде 50 008 адам коронавирус жұқтырып, 2579 науқас аурудан қайтыс болған.

"Індетті жұқтырғандардың саны 325-ке артты. Осылайшаи қалада коронавирус жұқтырғандардың саны 50 333-ке жетті. Ал COVID-19 вирусынан 1 290 науқас қайтыс болып, індеттен адам көз жұмғандардың саны 3 869 адамға өсті", - дейді қала билігінің Weibo әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында жариялаған хабарламасында.

Айта кетейік, коронавирус инфекциясы алғаш рет Уханда анықталған болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети