10 наурыз 2020 11:06

Ухандағы коронавирус жағдайы: Си Цзиньпин тексеріс жүргізді

© REUTERS

Қытай Халық Республикасының президенті Си Цзиньпин бүгін таңертең Ухан қаласына келді, - деп хабарлайды РИА Новости.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қытай Халық Республикасының президенті Си Цзиньпин бүгін таңертең Ухан қаласына келді, - деп хабарлайды РИА Новости.

Ол жергілікті билік өкілдерімен коронавирус бойынша күрестің қалай жүргізіліп жатқанын талқылауға келген.

Реклама
Реклама

Президент Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 8.00-де ұшып келген. Сапар барысында Си Цзиньпиннің дәрігерлермен, әлеуметтік қызметкерлермен, еріктілермен, қоғамдық қауіпсіздік органдары қызметкерлерімен, науқастармен және жергілікті тұрғындармен кездесетіні айтылады.

Еске салайық, мұның алдында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирус жұқтырған елдердің саны артуына байланысты мәлімдеме жасаған еді. Ұйымның мәліметінше, бүгінде вирусты әлемнің 104 елінде 109 343 адам жұқтырған.

Италиялықтарға коронавирусқа байланысты үйден шықпауға кеңес берілді

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram